Қазақ көз аурулары ғылыми-зерттеу институты 2024–2026 жылдарға арналған стратегиялық жоспары
БЕКІТІЛДІ
Бас директордың бұйрығымен
«Құрмет Белгісі» орденді Қазақ көз аурулары ғылыми-зерттеу институты» ЖШС
2023 жылғы 28 желтоқсандағы № 527-п
Алматы, 2024 жыл
Мазмұны
- 1-бөлім. Кіріспе
- 1.1 Миссия
- 1.2 Пайым
- 1.3 Құндылықтар мен этикалық қағидаттар
- 1.4 Негізгі бағыттар мен міндеттер
- 1.5 Кадрлық әлеует
- 1.6 Институт құрылымы
- 1.7 Ағымдағы жағдайды талдау
- 2-бөлім. Стратегиялық бағыттарды іске асыру индикаторлары
- 1-стратегиялық бағыт. Инновациялық медициналық технологияларды дамыту және Институт тәжірибесіне енгізу арқылы медициналық көмектің сапасын қамтамасыз ету
- 2-стратегиялық бағыт. Институттың корпоративтік басқару тиімділігін арттыру
- 3-стратегиялық бағыт. Институттың корпоративтік басқару тиімділігін арттыру
- 4-стратегиялық бағыт. Медициналық ғылымды дамыту және білім беру процесінің тиімділігін арттыру
1-бөлім. Кіріспе
1.1 Миссия
Ғылым, білім және клиникалық практиканың бірлігі негізінде көру ағзасы аурулары бар пациенттерге білікті офтальмологиялық көмек көрсету.
1.2 Пайым
Қазақстан Республикасы мен Орталық Азиядағы жетекші офтальмологиялық орталық бола отырып, клиникалық, ғылыми және білім беру қызметінің синергиясы, сондай-ақ диагностикалау мен емдеудің заманауи жоғары технологиялық әдістерін енгізу негізінде офтальмологиялық көмектің барлық түрін көрсету және бәсекелестік ортада тиімді жұмыс істейтін ұйым болу.
1.3 Құндылықтар мен этикалық қағидаттар
Институттың негізгі құндылықтары:
- ПАЦИЕНТ, оның денсаулығы және құқықтарын құрметтеу.
- ҰЖЫМ, қызметкерлердің моральдық және іскерлік қасиеттері, кәсібилігі мен шығармашылығы.
- КӨПЖЫЛДЫҚ ТАРИХ, дәстүрлер және корпоративтік этика.
Қазақ көз аурулары ғылыми-зерттеу институтының ұжымы медициналық этиканың ғылыми және практикалық аспектілерін қатаң сақтайды.
1.4 Негізгі бағыттар мен міндеттер
Бағыттар
- Офтальмологиялық көмек арқылы халық денсаулығын жан-жақты қолдау
- офтальмологиядағы инфрақұрылым мен желіні одан әрі дамыту;
- офтальмолог дәрігерлер командасын кадрлармен қамтамасыз ету: денсаулық сақтауда офтальмологияның рөлін одан әрі арттыру, қызметкерлерді халықтың денсаулық туралы сауаттылығын көтеруге тарту;
- дәрігерлерге деген сенімді арттыру (құзыреттерді жетілдіру және өтініштер ағынын азайту);
- медициналық көмек көрсетудің барлық кезеңінде офтальмологиялық көмек қызметтерін денсаулық сақтау жүйесінде үйлестіру және интеграциялау.
- Медициналық көмек көрсетуді жетілдіру
- дәрігерлер мен орта медицина қызметкерлерін лицензиялау, медициналық білім беруді одан әрі жаңғырту, жетекші шетелдік жоғары оқу орындарымен стратегиялық әріптестікті дамыту;
- медицина қызметкерлерінің сапалы үздіксіз кәсіби дамуы;
- денсаулық сақтау саласының кадрлық ресурстарын талдау, болжау және мониторингтеу;
- биомедициналық зерттеулер нарығын, офтальмология саласындағы ғылыми зерттеулер нәтижелерін ілгерілету және коммерцияландыру жүйесін дамыту;
- медициналық ұйымдарды ұлттық және халықаралық аккредиттеу арқылы пациентке көрсетілетін көмектің сапасы мен қауіпсіздігін арттыру;
- Институттағы бизнес-процестерді автоматтандыру және цифрландыру (МАЖ, дәрілік заттарды басқару, клиникалық шешімдерді қолдау және т.б.);
- барлық деңгейде сапаны басқару жүйесін жетілдіру;
- мобильді қосымшалар мен веб-шешімдер: халықтың сауаттылығын арттыру және офтальмологиялық денсаулықты қолдау;
- офтальмологиядағы қашықтан медицина (телемедицина).
Міндеттер
2024-2026 жылдарға арналған Халық денсаулығын жақсарту мемлекеттік бағдарламасының негізгі басым бағыттарын іске асыру:
- Халықтың ТМККК және МӘМС шеңберінде қолжетімді, сапалы және уақтылы мамандандырылған медициналық көмекке деген сұранысын қанағаттандыру.
- Халықаралық денсаулық сақтау стандарттарына, жаңа технологияларға, заманауи емдеу және медициналық қызмет көрсету әдістеріне жүйелі көшу.
- Көрсетілетін медициналық қызметтердің сапасы мен қауіпсіздігін және халыққа қызмет көрсету мәдениетін үздіксіз арттыру.
- Қызмет нәтижесінде сапа мен пациенттердің қанағаттануына қол жеткізуде қызметкерлердің уәждемесін арттыру.
- Медициналық ұйымдармен жұмыста сабақтастықты қамтамасыз ету.
- Қызметкерлерді тұрақты даярлау және біліктілігін арттыру.
- Материалдық-техникалық базаны нығайту.
- Пациенттерде салауатты өмір салты дағдыларын қалыптастыру.
- Жаңа корпустар ашу (кеңейту).
1.5 Институттың мақтанышы – оның ұжымы мен кадрлық әлеуеті
2024 жылы Институттағы штаттық лауазымдардың жалпы саны (Алматы, Астана, Шымкент) 765,5 штат бірлігін құрады, оның 750 бірлігі жұмыспен қамтылған.
Барлығы 710 қызметкер жұмыс істейді. Дәрігерлер, оның ішінде ғылыми қызметкерлер – 189:
- офтальмолог дәрігерлер – 137, оның ішінде балалар офтальмологы – 11;
- анестезиолог дәрігерлер – 7;
- рентгенолог дәрігер – 1;
- эпидемиолог дәрігерлер – 3;
- зертхана дәрігері және бактериолог – 2;
- қоғамдық денсаулық сақтау дәрігерлері – 5;
- орта медицина қызметкерлері – 222;
- кіші персонал – 146;
- өзге персонал – 153.
189 дәрігердің 95-інде біліктілік санаты бар, бұл 52%-ды құрайды: жоғары санат – 49, бірінші санат – 31, екінші санат – 15. «Медицина ғылымдарының докторы» ғылыми дәрежесі 7 адамда (4%), «медицина ғылымдарының кандидаты» – 20 адамда (11%), PhD докторы – 2 адамда (1%) бар. 7 дәрігер денсаулық сақтау магистрі, 2 дәрігер аккредиттелген тәуелсіз сарапшы (Жургумбаева Г.К., Аубакирова А.С.). Астана қаласындағы филиалдың директоры Тулетова А.С. ҚР ДСМ-нің штаттан тыс бас балалар офтальмологы болып табылады.
Орта медицина қызметкерлерінің 93-інде (42%) біліктілік санаты бар, оның ішінде жоғары санат – 68, бірінші – 20, екінші – 5. 2 мейіргердің жоғары білімі бар.
1.6 «Құрмет Белгісі» орденді Қазақ көз аурулары ғылыми-зерттеу институты» ЖШС құрылымы
Алматы қ.
- Әкімшілік-басқару персоналы, оның ішінде:
- дирекция;
- ішкі аудит қызметі;
- жоспарлау-экономикалық бөлім;
- бухгалтерлік есеп бөлімі, қазынашылық;
- заң бөлімі;
- адам ресурстарын басқару бөлімі;
- маркетинг бөлімі.
- Әкімшілік-шаруашылық бөлім, оның ішінде сатып алу бөлімі.
- 120 төсектік стационар:
- 1-офтальмологиялық (балалар) бөлімшесі – 15 төсек;
- 2-офтальмологиялық бөлімше – 55 төсек;
- 3-офтальмологиялық бөлімше – 50 төсек.
- Операциялық блок.
- Анестезиология бөлімшесі (бюджеттік және ақылы).
- Клиникалық-диагностикалық зертхана.
- Патологоанатомиялық зерттеулер және тіндерді консервациялау зертханасы.
- Лазерлік бөлімше, оның ішінде лазерлік физиотерапия кабинеті.
- Рефракциялық лазерлік хирургия бөлімшесі.
- Офтальмодиагностика бөлімшесі, оның ішінде рентген кабинеті.
- Қабылдау бөлімшесі.
- Статистика бөлімі.
- Клиникалық эпидемиология секторы.
- 80 төсектік күндізгі стационар.
- Дәріхана.
- Ақылы бөлімшелер:
- 30 төсектік стационар;
- консультациялық-оңалту бөлімшесі;
- контактілі түзету зертханасы;
- амбулаториялық хирургия және протездеу орталығы.
- Байланыс орталығы.
- Медициналық қызметтердің сапасын бақылау және пациентті қолдау бөлімі.
- Ақпараттық технологиялар бөлімі.
- Қауіпсіздік қызметі.
- Дипломнан кейінгі білім беру бөлімі.
- Менеджмент және ғылыми зерттеулер бөлімі.
Астана қаласындағы филиал
- Дирекция.
- Қазынашылық.
- Байланыс орталығы.
- Медициналық қызметтердің сапасын бақылау және пациентті қолдау бөлімі.
- Әкімшілік-шаруашылық бөлім.
- 57 төсектік стационар:
- офтальмологиялық бөлімше – 50 төсек;
- балалар офтальмологиялық бөлімшесі – 7 төсек.
- Операциялық блок және анестезиология бөлімшелері.
- Қабылдау бөлімшесі.
- Офтальмодиагностика бөлімшесі.
- 20 төсектік күндізгі стационар.
- Дәрілік заттарды сақтау қоймасы.
- Орталықтандырылған стерилизация бөлімшесі.
- Ақылы бөлімшелер:
- консультация және диагностика бөлімшесі.
- Ғылыми зерттеулер менеджменті бөлімі.
Шымкент қаласындағы филиал
- Дирекция.
- Әкімшілік-басқару персоналы.
- Қазынашылық.
- Байланыс орталығы.
- Медициналық қызметтердің сапасын бақылау және пациентті қолдау бөлімі.
- 20 төсектік офтальмологиялық бөлімше.
- 20 төсектік күндізгі стационар.
- Қабылдау бөлімшесі.
- Консультация және диагностика бөлімшесі.
- Операциялық блок және анестезиология бөлімшесі.
- Әкімшілік-шаруашылық бөлім.
1.7 Ағымдағы жағдайды талдау
«Құрмет Белгісі» орденді Қазақ көз аурулары ғылыми-зерттеу институты» ЖШС (бұдан әрі – Серіктестік) Қазақстан Республикасының халқына стационарлық және стационарды алмастыратын көмек көрсететін жоғары мамандандырылған офтальмологиялық мекеме болып табылады.
Қазақ АКСР Халық Комиссарлары Кеңесінің 1933 жылғы 21 қазандағы № 858/29 қаулысымен Алматы қаласында Алматы көз ауруханасының базасында Өлкелік ғылыми-зерттеу практикалық офтальмологиялық институты ұйымдастырылды, кейін ол «Көз аурулары ғылыми-зерттеу институты» болып қайта аталды.
1934 жылы Көз институтының жанынан Қазақ мемлекеттік медицина институтының көз аурулары кафедрасы құрылды.
1983 жылы Қазақ көз аурулары ғылыми-зерттеу институты «Құрмет Белгісі» орденімен марапатталды. 2004 жылы «Іскерлік тәжірибедегі жоғары сапа үшін» халықаралық қорының Алтын медаліне ие болды.
2008 жылдан бастап Институт Халықаралық офтальмология кеңесінің (Ұлыбритания, Лондон) емтихандарын қабылдайтын өңірлік база ретінде таңдалды. Институттың 6 қызметкерінде халықаралық дипломдар бар.
«Қазақ көз аурулары ҒЗИ» ЖШС «Жоғары сынама» халықаралық сапа белгісіне, «Мыңжылдық» халықаралық сыйлығына, «Еуропаның үздік кәсіпорны» номинациясына, «The Name in Science» құрметті сыйлығына, «Ұлт зияткерлігі» халықаралық сыйлығына және Ұлыбританияның Queen Victoria Commemorative Medal эксклюзивті марапатына үміткер болған.
Алғаш рет глаукома скринингі «Саламатты Қазақстан» денсаулық сақтауды дамыту мемлекеттік бағдарламасына енгізілді. 12 глаукома кабинеті ашылып, дәрігерлер мен мейіргерлер оқытылды, 8 млн-нан астам адам тексерілді. Скрининг нәтижелері әсерлі: глаукомасы бар 24 750 пациент анықталды, демек, біз осы пациенттерде глаукомадан болатын соқырлықтың алдын ала аламыз, ал мүгедектік деңгейі алғаш рет тұрақталды.
Қазіргі уақытта Қазақ көз аурулары ғылыми-зерттеу институтының Астана және Шымкент қалаларында филиалдары бар. Институт клиникасында 197 бюджеттік, 34 ақылы және күндізгі стационардың 120 төсегі бар; Астана филиалында 57 бюджеттік және күндізгі стационардың 20 төсегі, Шымкентте 20 бюджеттік төсек және 20 төсектік күндізгі стационар бар. Клиника бөлімшелерінде, оның ішінде балалар бөлімшесінде ауыр, мүгедектікке әкелетін, әлеуметтік маңызы бар офтальмопатологиялар, соның ішінде глаукома, диабеттік ретинопатия, витреоретинальдық патология, катарактаның асқынған түрлері, жасқа байланысты макулалық дегенерация емделеді. Жағдайлардың 50%-ында бұл функционалдық тұрғыдан жалғыз көретін көзге жасалатын операциялар.
Қазіргі уақытта Институтта жүргізілетін диагностикалық және хирургиялық араласулар спектрі өте кең. Бұған IOLMaster 700, ОКТ, HRT, фемтосекундтық лазер, «Verion» диагностикалық хирургиялық модулі, «Centurion» офтальмологиялық микрохирургиялық жүйесі және «Luxor» операциялық микроскопы сияқты офтальмологиялық жабдықтар ықпал етеді.
«Офтальмохирургияның інжу-маржаны» – катарактаға жасалатын операциялар. Институтта катаракта тігіссіз әдіспен, ультрадыбыс пен фемтосекундтық лазерді пайдалану арқылы жасалады, бұл пациентке операциядан кейін бірнеше сағаттан соң әдеттегі өмір салтына оралуға мүмкіндік береді.
Клиникалық жұмыстың бір бағыты – соқырлыққа алып келетін жасырын, симптомсыз көз ауруы глаукомамен күрес. Диагностика мен емдеудің алынған әдістерімен қатар Институт өз әдістерін де әзірлеген. Институтта глаукоманың әртүрлі дренаждық хирургиясы, лазерлік хирургияның барлық түрі, оның ішінде эксимерлік және фемтосекундтық лазерді қолдану, реконструктивті араласулар және қасаң қабықты трансплантациялау жүргізіледі.
Диабеттік ретинопатияда, жасқа байланысты макулалық дегенерацияда, көру ағзасы жарақаттарының салдарында және басқа жағдайларда жасалатын витреоретинальдық хирургия ерекше орын алады және республика аумағында тек Қазақ көз аурулары ғылыми-зерттеу институтында жүргізіледі. Көбіне бұл операциялар пациенттің жоғалтқан көруін қайтарудағы соңғы мүмкіндігі болып табылады.
Ағымдағы жағдайды талдау: сыртқы және ішкі факторлар
| Сала | Күшті жақтар | Әлсіз жақтар |
|---|---|---|
| Пациенттер |
|
|
| Процестер |
|
|
| Оқыту және дамыту |
|
|
| Қаржы |
|
|
| Сала | Мүмкіндіктер | Қауіптер |
|---|---|---|
| Пациенттер | Халық тарапынан дәрігер кадрларға сұраныстың болуы. | КРО және стационарлар деңгейінде медицина кадрларының жүктемесі. |
| Процестер |
|
|
| Оқыту және дамыту |
|
Медицина персоналы уәждемесінің болмауы. |
| Қаржы |
|
|
Мүмкіндіктер матрицасы
| Мүмкіндіктерді пайдалану ықтималдығы | Күшті әсер | Орташа әсер | Аз әсер |
|---|---|---|---|
| Жоғары |
|
Пациенттерді жүргізудің кезеңділігін сақтау. |
|
| Орташа |
|
Жабдық сатып алу. | Персоналдың еңбекақысын арттыру. |
| Төмен | Халық табысының ақылы медициналық қызмет алу мүмкіндігіне ықпалы. | Медицина персоналы уәждемесінің болмауы. | – |
Қорытынды SWOT талдау
| Сипаттама | Күшті жақтар | Әлсіз жақтар | |||
|---|---|---|---|---|---|
| Мүмкіндіктер | Сапалы медициналық қызмет көрсетуді жақсарту. |
|
|
Орта және кіші медицина қызметкерлерінің тапшылығы. | – |
| Қауіптер | Халық денсаулығы жағдайының нашарлауы. | КРО және стационарлар деңгейінде медицина кадрларының жүктемесі. |
|
||
2-бөлім. Стратегиялық бағыттар, мақсаттар және нысаналы индикаторлар
1-стратегиялық бағыт. Инновациялық медициналық технологияларды дамыту және Институт тәжірибесіне енгізу арқылы медициналық көмектің сапасын қамтамасыз ету
1.1 мақсат. Халықаралық аккредиттеу стандарттарына сәйкестік
| Нысаналы индикатордың атауы | Өлшем бірлігі | Ақпарат көзі | Жауаптылар | 2024 жылдың қорытындысы бойынша факт | 2024 | 2025 | 2026 |
|---|---|---|---|---|---|---|---|
| Аккредиттеуден өткені туралы куәліктің болуы | +/- | куәлік | Медициналық қызметтердің сапасын бақылау және пациентті қолдау бөлімінің меңгерушісі | + | + | + | + |
1.1.1 міндет: Сервис пен медициналық қызмет сапасын жақсарту (пациентке бағдарлану)
| Нәтиже | Өлшем бірлігі | Ақпарат көзі | Жауаптылар | Факт | 2024 | 2025 | 2026 |
|---|---|---|---|---|---|---|---|
| Пациенттердің медициналық қызмет сапасына қанағаттануы | бірлік (%) | сауалнама | Медициналық қызметтердің сапасын бақылау және пациентті қолдау бөлімі | 85 | 90 | 95 | 100 |
| Негізді шағымдар санын азайту | Саны | ККМФД қорытындылары | Медициналық қызметтердің сапасын бақылау және пациентті қолдау бөлімі | 3 | 0 | 0 | 0 |
| Асқынулар санын азайту | % | Институттың есептік деректері | Статистика бөлімі | 0 | 0 | 0 | 0 |
| Ішкі аудит нәтижелері бойынша медициналық қызмет көрсету ақауларын азайту | Ауру тарихы санының %-ы | ішкі аудит тексеру актілері | Медициналық қызметтердің сапасын бақылау және пациентті қолдау бөлімі | 10 | 8 | 5 | 0 |
| Сыртқы аудит нәтижелері бойынша медициналық қызмет көрсету ақауларын азайту | ӘМСҚ-мен жасалған шарт сомасының %-ы | СУКМУ актілері | Медициналық қызметтердің сапасын бақылау және пациентті қолдау бөлімі | 0,10 | 0,10 | 0,05 | 0,01 |
1.1.3 міндет: Сапа менеджменті жүйесін дамыту
| Көрсеткіш | Ақпарат көзі | Жауаптылар | Факт | 2024 | 2025 | 2026 |
|---|---|---|---|---|---|---|
| Ұлттық аккредиттеу стандарттарына сәйкестік бойынша жыл сайынғы мониторингті сәтті өткізу | ішкі аудит комиссиясының есептері | Медициналық қызметтердің сапасын бақылау және пациентті қолдау бөлімі | 1 | 1 | 1 | 1 |
| Халықаралық аккредиттеу сертификатын алу | ішкі аудит комиссиясының есептері | Медициналық қызметтердің сапасын бақылау және пациентті қолдау бөлімі | – | – | – | 1 |
1.1 Аккредиттеуден өткені туралы куәліктің болуы
Аккредиттеуден өткені туралы куәлік бар. 2021 жылы Институт аккредиттеуден сәтті өтіп, үш жылға 1-санат алды. 2024 жылғы қазанда Институт JCI элементтері бар ұлттық аккредиттеуден өтуді жоспарлаған.
1.1.1 Пациенттер сауалнамасын талдау
2024 жылдың 1-тоқсанындағы пациенттер сауалнамасын талдау «Қазақ көз аурулары ҒЗИ» ЖШС-де пациенттердің 90%-ы медициналық көмектің ұйымдастырылуы мен сапасына, көрсетілетін қызметтерге және Институттың санитариялық-гигиеналық жағдайларына қанағаттанатынын көрсетті. Өткізілген сауалнама нәтижелері стационардағы оң өзгерістерді көрсетеді.
Институт дәрігер кадрларды ұйымға бекіту, мекеменің материалдық-техникалық қамтамасыз етілуін жақсарту, жаңа заманауи жабдық сатып алу, стационарлардағы кезектерді азайту, барлық жастағы пациенттер үшін медициналық көмектің қолжетімділігі мен сапасын арттыру бойынша мақсатты жұмысты жалғастырады. Медицина қызметкерлерінің этикасы мен деонтологиясына үлкен көңіл бөлінеді. Бұқаралық ақпарат құралдарымен бірлесіп медицина қызметкері мамандығының беделін арттыру жұмысы жүргізіледі. Халықты денсаулық сақтау саласындағы оқиғалар туралы ақпараттандыру жұмысы ұйымдастырылған. Медициналық көмектің сапасын арттыру мақсатында 2024 жылдың 1-тоқсанында пациенттердің ескертулері мен тілектерінің 90%-ы қанағаттандырылған, ал алдыңғы жылдары бұл көрсеткіш 85-90% болған (2022, 2023).
| Жыл | Пациенттердің қанағаттануы |
|---|---|
| 2022 | 86% |
| 2023 | 88% |
| 2024 | 90% |
2) Шағымдар санын азайту
Медициналық көмектің сапасын жақсарту жөніндегі жүйелі жұмыс мекеме әкімшілігінен пациенттерден, медицина қызметкерлерінен және халықтан түсетін ақпаратты қамтитын көрсеткіштерге тұрақты және терең мониторинг жүргізуді талап етеді. Мұндай өзін-өзі бағалаудың объективті көздері пациенттердің, олардың заңды өкілдерінің және отбасы мүшелерінің көрсетілген медициналық көмек деңгейіне қанағаттануы жөніндегі медициналық-әлеуметтік сауалнама нәтижелері, сондай-ақ медициналық көмектің сапасы мен пациент құқықтарының сақталуына қатысты халық шағымдарын талдау болып табылады. Азаматтардың жазбаша және электрондық өтініштерін талдау медициналық көмек сапасын бағалаудың маңызды әдістерінің бірі және Институт қызметінің ұйымдық-құқықтық қамтамасыз етілу дәрежесінің объективті өлшемі бола алады. Біздің зерттеулеріміздің деректері бойынша пациенттердің 10-30%-ы медициналық көмектің әртүрлі түрлерінің сапасына қанағаттанбайды, бірақ олардың тек 1-10%-ы осы мәселе бойынша шағымданады.
2024 жылы Институтқа пациенттердің өтініштері 2022 және 2023 жылдармен салыстырғанда 2,5 есеге азайған.
Талдау 2024 жылы азаматтардың өтініш беруінің негізгі себептерін анықтады:
- Көрсетілген медициналық көмектің сапасына қанағаттанбау – 5%.
- Медициналық және қызмет көрсетуші персонал тарапынан сыйластық пен ізгі қарым-қатынас қағидатының бұзылуы – 10%.
- Белгілі бір көмекті ұйымдастыруға қанағаттанбау – 8%.
Негізді шағымдар тіркелмеген. 2023 жылы 12 айда барлығы 196 өтініш болған. Барлық шағымдар мен өтініштерді Медициналық қызметтердің сапасын бақылау және пациенттерді қолдау бөлімі қарайды:
- CRM Qoldau 24/7 – 5 (барлық өтініш өңделген);
- 1414 ӘМСҚ – 25 (барлық өтініш өңделген);
- ККМФД – 12 (6 пациент бойынша тексеруді «Қазақмыс» корпорациясы бастаған, қалған пациенттер ықтимал шағымданушылар болған; ККМФД қорытындысы бойынша барлық шағым негізсіз деп танылған);
- ӘМСҚ өтініштер бөлімі – 3;
- оқиғалар – 18 (барлық оқиға қаралып, тиісті шаралар қабылданған);
- QR арқылы – 72 өтініш (2 – тестілік режимде, 38 – қызметкерлерге алғыс, 34 – теріс өтініш; теріс өтініштер бойынша барлық жағдай сол күні қаралып, тиісті шаралар қабылданған);
- анонимді түрде, телефон арқылы – 37 қоңырау (барлық қоңырау сол күні өңделген);
- әкімшілік арқылы жазбаша шағымдар – 24 (барлық өтініш комиссиялық түрде қаралып, барлық шағымға жазбаша жауап берілген).
2024 жылдың 1-тоқсанында 32 шағым (ККМФД – 1, ФОМС – 7, жазбаша 24 шағым), 12 оқиға және QR арқылы 26 өтініш (14 шағым, 12 алғыс пікір), сондай-ақ 2GIS арқылы QR бойынша 200 өтініш тіркелген. Барлық шағымдар мен өтініштер өңделген.
Қазіргі уақытта пациенттер мен қызметкерлер үшін ККМУ және пациенттерді қолдау бөліміне түсетін өтініштерге арналған QR-код, сондай-ақ Алматы мен Шымкент үшін 2GIS-ке өтетін QR-кодтар әзірленген. Бұл аурухананың 2GIS-тегі рейтингін көтеруге бағытталған, ал 2GIS-тегі барлық өтініштер Маркетинг бөлімінде өңделеді. Пациенттер телефонмен QR-кодты сканерлеп өтініш қалдыра алады, Институт қызметкерлері де Медициналық қызметтердің сапасын бақылау және пациенттерді қолдау бөліміне анонимді түрде тікелей өтініш жібере алады. Барлық өтініш белгіленген мерзімде өңделген.
Өтініштер бойынша негізгі мәселелер:
- Ұзын кезектер (шешім: кезекті қысқарту үшін қосымша кабинеттер ашылып, дәрігерлердің қабылдау уақыты ұзартылды).
- Пациенттерді тек алдын ала жазылу бойынша қабылдау (шешім: жазылмаған пациенттерді қабылдау алгоритмі әзірленді).
- Call-орталықтың ақпаратты қате, дұрыс емес және дөрекі түрде ұсынуы (шешім: сервисті жақсарту үшін Call-орталық қызметкерлерімен ай сайын оқыту жүргізіледі).
- Кассалардағы кезек (қосымша екі касса ашылды, көрсетілген қызмет ақысын тіркеу орнында төлеуге болады).
- Дәрігерлердің қабылдау уақытын сақтамауы (шешім: арнайы скрипттер әзірленді; пациенттерге қабылдауға жазылар алдында дәрігер қабылдау уақытының ұзаруы мүмкін екені айтылады).
- Қаржы қаражатының жетіспеуі – ФОМС-тан қосымша қаржыландыру көлеміне өтінім берілген, бірақ қажетті қаражат әрдайым бөлінбейді.
- Пациенттер жоспарлы госпитализацияға дайындалмай, талдаусыз келеді – бұл мәселе әр емханамен жағдайға қарай жеке пысықталады.
Сонымен қатар:
- Әлеуметтік желілердегі пациенттердің пікірлері мен өтініштерімен күнделікті жұмыс жүргізіледі (Шымкент филиалы бойынша 320-дан астам, Алматы бойынша 670-тен астам өтініш).
- 2GIS пікірлерімен күнделікті жұмыс жүргізіледі (Алматы, Астана филиалы және Шымкент филиалы бойынша 200-ден астам өтініш).
- Институт жұмысындағы әлсіз жақтарды анықтау мақсатында пациенттер өтініштері талданады.
4) Асқынулар санын азайту
Жоқ.
5) Ішкі аудит нәтижелері бойынша медициналық қызмет көрсету ақауларын азайту
Ішкі аудит тексерулері ҚР ДСМ бұйрықтарына сәйкес тоқсан сайын жүргізіледі: ҚР ДСМ-нің 30.10.2020 жылғы № 175 «Денсаулық сақтау ұйымдарының бастапқы медициналық құжаттама нысандарын бекіту туралы» бұйрығы; Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2020 жылғы 3 желтоқсандағы № ҚРДСМ-230/2020 «Медициналық көрсетілетін қызметтердің (көмектің) сапасына ішкі және сыртқы сараптамаларды ұйымдастыру және жүргізу қағидаларын бекіту туралы» бұйрығы; Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2018 жылғы 5 маусымдағы № 325 «Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2012 жылғы 2 қазандағы № 676 «Медициналық ұйымдарды аккредиттеу стандарттарын бекіту туралы» бұйрығына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» бұйрығы; сондай-ақ диагностика және емдеу хаттамалары.
2023 жылы емделген жағдайларға сараптама ЭРСБ-ға енгізілген шығару эпикриздері бойынша жүргізілді. Сараптама кезінде госпитализацияның негізділігі, медициналық құжаттаманың дұрыс толтырылуы, емдеу сапасының деңгейі, тексеру мен емдеу көлемінің және толықтығының стандарттарға сәйкестігі бағаланды. Медициналық қызмет көрсету сапасы негізінен емдеу стандарттарына сәйкес келеді. Стационарда негізсіз болу жағдайлары анықталған жоқ. Сараптама қорытындысы бойынша кейбір жағдайлар ішінара ақаулы деп танылып, айыппұл санкциялары салынған.
2023 жылы алынған соманың жалпы көлемі:
- Алматы қ. – 4 776 373,26 теңге, оның 3 352 287,6 теңгесі сызықтық шкала бойынша, 1 424 085,66 теңгесі сапа мониторингі бойынша алынды (жалпы қаржыландыру көлемінің 0,01%-ы);
- Шымкент қ. – 2 172 277,99 теңге, оның 1 790 467 теңгесі сызықтық шкала бойынша, 381 810,99 теңгесі сапа мониторингі бойынша алынды (қаржыландыру көлемінің 0,7%-ы).
Сапа мониторингі бойынша айыппұлдардың жалпы сомасы 6 948 651,25 теңгені құрады.
Ауру тарихтарын жүргізудегі анықталған ақаулар:
- Зертханалық және диагностикалық зерттеулер көлемінің толық болмауы (мерзімі өткен талдаулар, белгілі бір зерттеудің болмауы).
- Талдаулардың нөмірлері көрсетілмейді.
- Бейінді мамандар консультациялары көлемінің толық болмауы.
- Эпикриз нысанының сақталмауы.
- Біріктірілген операцияларда ICD-10 диагноздары мен ICD-9 операциялары қате кодталады.
Ауру тарихтары Damu МАЖ-дан ЭРСБ-ға (Стационарлық науқастардың электрондық тіркелімі) жіберілгенге дейін 100% тексеріледі.
Ақаулар бойынша негізгі коэффициенттер:
- 1.2 Пациент деректерін Тіркелімге қате енгізу жағдайлары.
- 1.6 Емдеу-диагностикалық іс-шаралардың денсаулық сақтау стандарттарынан негізсіз ауытқу жағдайлары.
6) Сыртқы аудит нәтижелері бойынша медициналық қызмет көрсету ақауларын азайту
2021 жылы барлығы 71 ақаулы жағдай анықталды, бұл емделген науқастардың жалпы санының 0,1%-ын құрады. Алматы қ. – 2 435 509,22 теңге сомасына 27 жағдай, оның 1 761 852,67 теңгесі сызықтық шкала бойынша, 673 656,55 теңгесі сапа мониторингі бойынша алынды (жалпы қаржыландыру көлемінің 0,1%-ы). Астана қ. – 1 222 446,78 теңге сомасына 19 жағдай, барлық сома сызықтық шкала бойынша алынды, сапа мониторингі бойынша 0 (қаржыландыру көлемінің 0,9%-ы). Шымкент қ. – 1 217 065,42 теңге сомасына 25 жағдай, оның 310 440,21 теңгесі сызықтық шкала бойынша, 906 625,27 теңгесі сапа мониторингі бойынша алынды (қаржыландыру көлемінің 1,2%-ы). Айыппұлдардың жалпы сомасы 4 875 021,42 теңгені құрады (жалпы қаржыландыру көлемінің 2,2%-ы).
2022 жылы алынған соманың жалпы көлемі: Алматы қ. – 8 429 167,62 теңге, оның 7 359 305,06 теңгесі сызықтық шкала бойынша, 1 069 862,56 теңгесі сапа мониторингі бойынша алынды (жалпы қаржыландыру көлемінің 0,04%-ы); Астана қ. – 13 332 066,56 теңге, оның 4 849 247,38 теңгесі сызықтық шкала бойынша, 8 482 819,18 теңгесі сапа мониторингі бойынша алынды (қаржыландыру көлемінің 0,6%-ы); Шымкент қ. – 5 195 078,14 теңге, оның 4 209 531,94 теңгесі сызықтық шкала бойынша, 985 546,20 теңгесі сапа мониторингі бойынша алынды (қаржыландыру көлемінің 0,4%-ы). Сапа мониторингі бойынша айыппұлдардың жалпы сомасы 10 538 227,94 теңгені құрады (жалпы қаржыландыру көлемінің 1,4%-ы).
2023 жылы алынған соманың жалпы көлемі: Алматы қ. – 4 776 373,26 теңге, оның 3 352 287,6 теңгесі сызықтық шкала бойынша, 1 424 085,66 теңгесі сапа мониторингі бойынша алынды (жалпы қаржыландыру көлемінің 0,01%-ы); Астана қ. – 5 178 411,32 теңге, оның 4 588 171,1 теңгесі сызықтық шкала бойынша, 590 240,22 теңгесі сапа мониторингі бойынша алынды (0,04%); Шымкент қ. – 2 172 277,99 теңге, оның 1 790 467 теңгесі сызықтық шкала бойынша, 381 810,99 теңгесі сапа мониторингі бойынша алынды (қаржыландыру көлемінің 0,7%-ы). Сапа мониторингі бойынша айыппұлдардың жалпы сомасы 6 948 651,25 теңгені құрады.
| Жыл | Алматы | Астана | Шымкент |
|---|---|---|---|
| 2021 | 0,1% | 0,9% | 2,2% |
| 2022 | 0,04% | 0,6% | 0,4% |
| 2023 | 0,01% | 0,04% | 0,7% |
1.1.3 Ұлттық аккредиттеу стандарттарына сәйкестік бойынша жыл сайынғы мониторингті сәтті өткізу
Институтта ҚР заңнамасына сәйкес Жарғы және тиісті құжаттар бар. Жыл сайын атқарушы орган – Институттың Бас директоры Құрылтайшыға қызмет нәтижелері туралы есеп береді. Бірінші басшының қызметін бағалау өлшемшарттары бар. Клиниканың даму стратегиясы бар. Миссия, пайым және құндылықтар айқындалған. Клиниканың миссиясы мен пайымы халыққа Институттың веб-сайтында және негізгі холлында қолжетімді. Стратегиялық мақсаттар, міндеттер және индикаторлар бар.
Стратегиялық сессия қорытындысы бойынша миссия, пайым және құндылықтар қайта қаралды. Стратегиялық мақсаттар шеңберінде индикаторлар белгіленді. Клиникада Әдеп кодексі және Әдеп комиссиясы бар. SOP-тар және этика мәселелері бойынша оқыту жүргізіледі. Жылдық жоспар мен индикаторлардың орындалуы тоқсан сайын мониторингтеледі. Бөлімше басшыларының есептері бар. Медициналық қызмет сапасын үздіксіз жақсарту бағдарламасы бар. Төтенше инциденттерге тергеу жүргізіледі. Сапа индикаторлары тоқсан сайын мониторингтеледі: жоғарғы деңгей және төменгі деңгей индикаторларының панелі (картасы) әзірленген. Диагностика және емдеу хаттамаларын қолдану ОКК клиникалық аудиті шеңберінде мониторингтеледі. Медициналық карталардың клиникалық аудиті бекітілген нормативтер мен ішкі тәртіпке сәйкес жүргізіледі. Сарапшы дәрігер ауру тарихтарын рәсімдеудің дұрыстығын, емдеу барысы мен нәтижелерінің негізділігін тексереді. Пациенттер мен персоналдың қанағаттануына сауалнама да жүргізіледі. Клиникалық жағдайлар комиссияларда талқыланады. Бөлімше деңгейінде қауіпсіздік мәдениеті қағидаттары қаралады.
Барлық SOP-тар, қағидалар, нұсқаулықтар және алгоритмдер 29.03.2024 жылғы № 179-п бұйрықпен әзірленіп, бекітілген.
2) Халықаралық аккредиттеу сертификатын алу 2026 жылға жоспарланған.
1.2 мақсат. Инновациялық медициналық технологияларды енгізу
| Нысаналы индикатор | Өлшем бірлігі | Ақпарат көзі | Жауаптылар | 2023 жылдың қорытындысы бойынша факт | 2024 | 2025 | 2026 |
|---|---|---|---|---|---|---|---|
| Әлемдік инновацияларды әзірлеу және енгізу | Инновациялық технологиялар менеджменті бөлімінің меңгерушісі | 1 | 1 | 1 | 1 |
1.2.1 міндет: Медициналық технологияларды бағалау
| Нәтиже | Өлшем бірлігі | Ақпарат көзі | Жауаптылар | Факт | 2024 | 2025 | 2026 |
|---|---|---|---|---|---|---|---|
| МТБ комиссиясынан өткен технологиялар саны | бірлік, саны | құжаттар пакеті | ғылыми топтардың жетекшілері | 1 | 1 | 1 | 1 |
| Жаңа технологияларды Институт филиалдарына трансферттеу | саны | енгізу актісі | Институт филиалдарының директорлары | 1 | 1 | 1 | 1 |
2-стратегиялық бағыт. Қаржылық тұрақтылықты арттыру
2.1 мақсат. Табысты тұрақты арттыру
| Нысаналы индикатор | Өлшем бірлігі | Ақпарат көзі | Жауаптылар | 2023 жылдың қорытындысы бойынша факт | 2024 | 2025 | 2026 |
|---|---|---|---|---|---|---|---|
| Бюджеттің кіріс бөлігін жылына кемінде 10%-ға арттыру | % | қаржы-экономикалық бөлім | Қаржы-экономикалық қызмет жөніндегі Бас директордың орынбасары | 22% | 23% | 15% | 15% |
2.1.1 міндет: Ақылы қызметтерді кеңейту
| Нәтиже | Өлшем бірлігі | Ақпарат көзі | Жауаптылар | Факт | 2024 | 2025 | 2026 |
|---|---|---|---|---|---|---|---|
| Жалпы табыста ақылы қызмет көрсетуден түсетін табыс үлесін арттыру | % | қаржы-экономикалық бөлім | Қаржы-экономикалық қызмет жөніндегі Бас директордың орынбасары | 25% | 30% | 35% | 35% |
2.1.2 міндет: Филиалдар желісін дамыту
| Нәтиже | Өлшем бірлігі | Жауаптылар | Факт | 2024 | 2025 | 2026 |
|---|---|---|---|---|---|---|
| Қазақстан Республикасында жаңа филиалдар ашу | дана | Бас дәрігер және стратегиялық даму жөніндегі Бас директордың орынбасары | – | 1 | 1 | 1 |
Қаржылық тұрақтылықты арттыру. Клиника алдында тұрған маңызды міндеттердің бірі – жаңа технологияларды енгізу және бөлінген материалдық-техникалық, кадрлық және қаржылық ресурстарды ұтымды пайдалануды қамтамасыз ететін ресурсты үнемдеу тетіктерін әзірлеу арқылы ресурстарды пайдалану тиімділігін арттыру.
Стратегиялық жоспардың негізгі бағыттарын іске асыру аясында клиника үшін науқастарды емдеу тиімділігін арттыруға қаражат іздеу және ресурсты үнемдейтін нысандарды пайдалану арқылы жүйені жетілдіру өзекті міндет болып табылады. Бұл міндетті, оның ішінде госпитализацияға дейінгі кезеңде, жоғары технологиялық диагностика мен емдеу әдістерін қолдану, негізгі ауруларды диагностикалау мен емдеудің аз инвазивті, заманауи, ресурсты үнемдейтін және жоғары технологиялық әдістерін енгізу арқылы орындауға болады.
Қаражатты үнемдеудің тағы бір жолы – емдеу-диагностикалық процестің сапалық сипаттамаларын сақтай немесе жақсарта отырып емдеу мерзімін қысқарту, қымбат әрі ресурсты көп қажет ететін стационарлық медициналық көмекке байланысты пациенттердің стационарда болу ұзақтығын азайту, яғни төсек-күн санын қысқартып, төсек айналымын ұлғайту. Институт клиникаларының базасында консультациялық-оңалту бөлімшесі жұмыс істейтінін ескере отырып, жоспарлы түрде жүгінген барлық пациенттер алдымен тиісті бейіндегі мамандардың қабылдауынан өтіп, қажетті тексеруге жіберіледі. Госпитализация және хирургиялық емдеу көрсетілімі болған жағдайда, стационарда болу мерзімін барынша қысқарту мақсатында пациенттер операция жасалатын күні немесе бір күн бұрын жатқызылады (БГ және ДАМУ ақпараттық жүйелері арқылы).
Стратегиялық жоспарды іске асыру шеңберінде мақсатқа жету және стратегиялық мәселелерді шешу үшін мынадай ресурстар қажет:
- қаржылық;
- адами;
- материалдық-техникалық.
Қаржылық көрсеткіштер сапалы нәтижеге қол жеткізуге арналған стратегияның негізгі мақсаттарымен тығыз байланысты.
Институтты қаржыландыру көздері:
- республикалық бюджет қаражаты;
- ақылы қызмет көрсетуден түсетін қаражат.
3-стратегиялық бағыт. Институттың корпоративтік басқару тиімділігін арттыру
3.1 мақсат. Бизнес-процестерді жетілдіру
3.1.1 міндет: МАЖ енгізу
| Нәтиже | Өлшем бірлігі | Жауаптылар | 2023 жылдың қорытындысы бойынша факт | 2024 | 2025 | 2026 |
|---|---|---|---|---|---|---|
| МАЖ-ға тартылған ұйым бөлімшелерінің үлесі | % | IT бөлімінің басшысы | 90 | 100 | 100 | 100 |
3.1.2 міндет: Электрондық кезекті енгізу
| Нәтиже | Өлшем бірлігі | Ақпарат көзі | Жауаптылар | 2023 жылдың қорытындысы бойынша факт | 2024 | 2025 | 2026 |
|---|---|---|---|---|---|---|---|
| Электрондық кезек бойынша жұмыс істейтін ақылы қабылдау кабинеттерінің үлесі | % | МАЖ | IT бөлімінің басшысы | 50 | 80 | 90 | 100 |
3.1.3. Ұйымдық құрылымды бизнес-процестерге сәйкестендіру
| Көрсеткіш | Өлшем бірлігі | Ақпарат көзі | Жауаптылар | 2023 жылдың қорытындысы бойынша факт | 2024 | 2025 | 2026 |
|---|---|---|---|---|---|---|---|
| Дәрігердің 1 ставкасына шаққандағы орташа жалақының экономикадағы орташа жалақыға қатынасы (2023 ж. Институттағы орташа жалақы – 324 мың теңге, экономикада – 350 мың теңге) | қатынас | Ұйымның еңбек жөніндегі есебі, ҚР Статистика комитеті сайтындағы жыл сайынғы деректер | Бас экономист | 0,9 | 1,0 | 1,0 | 1,2 |
3.2 мақсат. Мақсаттар бойынша басқару жүйесін енгізу
3.1.1 міндет: KPI жүйесін енгізу
| Нәтиже | Өлшем бірлігі | Ақпарат көзі | Жауаптылар | 2023 жылдың қорытындысы бойынша факт | 2024 | 2025 | 2026 |
|---|---|---|---|---|---|---|---|
| Жұмысы KPI бойынша бағаланатын ұйымның басшы қызметкерлерінің үлесі | % | Адам ресурстарын басқару бөлімі | HR директоры | 67 | 70 | 80 | 90 |
3.3 мақсат. Кадрлық әлеуетті дамыту
3.3.1 міндет: Аналитика
| Нәтиже | Өлшем бірлігі | Жауаптылар | 2023 жылдың қорытындысы бойынша факт | 2024 | 2025 | 2026 |
|---|---|---|---|---|---|---|
| Қызметі МАЖ деректері бойынша бағаланатын ұйым бөлімшелерінің үлесі | % | IT бөлімінің басшысы | 80 | 90 | 100 | 100 |
3.3.2 міндет: Ұйым қызметкерлерінің қанағаттануы мен адалдығын арттыру
| Нәтиже | Өлшем бірлігі | Ақпарат көзі | Жауаптылар | 2023 жылдың қорытындысы бойынша факт | 2024 | 2025 | 2026 |
|---|---|---|---|---|---|---|---|
| Сауалнама деректері бойынша ұйым қызметкерлерінің қанағаттану және адалдық деңгейі | % | сауалнама деректері | Адам ресурстарын басқару бөлімінің басшысы | 70 | 75 | 85 | 95 |
3.3.3. Кадрлық әлеуетті дамыту және аттестаттау
| Көрсеткіш | Өлшем бірлігі | Ақпарат көзі | Жауаптылар | Факт | 2024 | 2025 | 2026 |
|---|---|---|---|---|---|---|---|
| Қызметкерлердің мансаптық өсу жоспарларының болуы | % | мансаптық өсу жоспарлары | Адам ресурстарын басқару бөлімінің басшысы | 0 | 50 | 100 | 100 |
| Аттестаттаудан сәтті өткен қызметкерлердің үлесі | % | аттестаттау комиссиясының хаттамалары | Адам ресурстарын басқару бөлімінің басшысы | 98 | 100 | 100 | 100 |
3.3.4. Уәждеме жүйесін жетілдіру
| Көрсеткіш | Өлшем бірлігі | Ақпарат көзі | Жауаптылар | Факт | 2024 | 2025 | 2026 |
|---|---|---|---|---|---|---|---|
| Ақшалай және ақшалай емес уәждеме жүйесінің болуы | +/- | қызметкерлерді ынталандыру туралы ереже, бұйрықтар | Адам ресурстарын басқару бөлімінің басшысы | 1 | 1 | 1 | 1 |
Кадрлық әлеуетті дамыту
Кадрлық ресурстарды дамыту мақсатында дәлелді медицина бойынша тренингтен өткен қызметкерлер санын арттыру, шетелдік мамандарды тарта отырып менеджмент пен стандарттар бойынша оқытылған кадрлар үлесін көбейту, әртүрлі мамандықтар бойынша шетелде тағылымдамадан өткен қызметкерлер санын арттыру және кадрлардың даярлық деңгейін халықаралық стандарттарға жеткізу арқылы кадрларды даярлау және қайта даярлау жоспарланған.
Клиниканы білікті кадрлармен қамтамасыз ету үшін кадр саясатын дамыту, персоналды басқарудың заманауи HR технологияларын енгізу, жас мамандар үшін «шеберлік» қағидаттарын енгізу, медициналық білім беру ұйымдарымен (университеттер, академиялар, колледждер) жұмысты күшейту қажет. Медицина кадрларының кетуіне жол бермеу үшін сараланған еңбекақы төлеу жүйесі жетілдіріледі.
4-стратегиялық бағыт. Медициналық ғылымды дамыту және білім беру процесінің тиімділігін арттыру
4.1 мақсат. Медициналық ғылымды дамытуға бағытталған ресурстарды күшейту
Қазақ көз аурулары ғылыми-зерттеу институтының ғылыми құрамдас бөлігі мынадай ғылыми топтармен ұсынылған: Глаукома, Витреоретинальдық патология, Қасаң қабық патологиясы, Рефракциялық хирургия, Тамырлық патология, Көру ағзасының қабыну аурулары, Шала туған нәрестелер ретинопатиясы, Туа біткен патология / Офтальмопедиатрия, Катаракта, Пластикалық хирургия, Функционалдық диагностика, Офтальмоонкология, Макулалық хирургия, Оптикалық-реконструктивті хирургия, Лазерлік хирургия.
Ғылыми топтардың жетекшілері әр бағыт бойынша Институттың жетекші мамандары болып табылады. Ғылыми топ ұжымдары Институт қызметіне одан әрі енгізу мақсатында жарияланымдарды, халықаралық зерттеулерді, диагностика мен емдеудің инновациялық әдістерін тұрақты мониторингтейді. Жыл сайын Институт қызметкерлері ҚР ДСМ-ге Медициналық технологияларды бағалау үшін жаңа технологияларды ұсынады; РЦРЗ белгілеген мерзімдерге сәйкес Қазақстан офтальмологтарының кәсіби қызметін реттейтін диагностика және емдеу клиникалық хаттамалары жыл сайын өзектендіріледі немесе жаңадан әзірленеді.
ҚР БҒМ гранттық қаржыландыруы аясында ғылыми зерттеулер жүргізуге жыл сайын өтінімдер беріледі, сондай-ақ қысқа мерзімді ғылыми зерттеулерді орындау үшін Институттың ішкі гранттары көзделген.
Институттың ғылыми қызметі Жергілікті этикалық комиссиямен реттеледі; ЖЭК бойынша республикалық аккредиттеу 2021 жылғы қазанға жоспарланған.
Институттың ғылыми қызметінің индикаторлары халықаралық рецензияланатын басылымдардағы жарияланым белсенділігі және қызметкерлердің халықаралық конференциялардағы баяндамалары болып табылады.
Халықаралық ынтымақтастық стратегиялық серіктестермен өзара іс-қимыл арқылы қамтамасыз етіледі: Cardiff University (Ұлыбритания), Lions Eye Institute for Transplant and Research (АҚШ). Институт қызметкерлері кәсіби қауымдастықтардың мүшелері: Қазақстан офтальмологтар қоғамы, Ресей глаукома қоғамы, Түркітілдес елдер офтальмологтары қоғамы.
4.1.1 міндет: Институт базасында клиникалық зерттеулер жүргізу
| Нәтиже | Өлшем бірлігі | Ақпарат көзі | Жауаптылар | 2023 жылдың қорытындысы бойынша факт | 2024 | 2025 | 2026 |
|---|---|---|---|---|---|---|---|
| Жүргізілетін клиникалық зерттеулер санын арттыру | саны | ЖЭК құжаттары | Ғылым жөніндегі орынбасар және инновациялық ғылыми технологиялар бөлімінің меңгерушісі | 2 | 3 | 3 | 3 |
Енгізу
- Катарактаны факоэмульсификациялау кезінде фокус тереңдігі кеңейтілген Vivity интраокулярлық линзаларын қолдану.
- Глаукоманың ауыр қатерлі түрлерін, оның ішінде балаларда емдеуде Baerveldt дренажын имплантациялауды енгізу.
- Мұрын-көзжас өзегінің ауыр қайталанатын бітелуі кезінде көзжас-мұрын өзегін қалпына келтіру және пластика жасау үшін Johnson түтігін имплантациялау.
- Кожухов-Телегин әдістемесі бойынша ИОЛ және ИОЛ + қапшық + ВКК кешенін фланецті склеро-корнеальдық фиксациялау.
- Көру ағзасының ауыр жарақаттарының салдарында жасанды нұрлы қабық-интраокулярлық линза кешенін имплантациялау.
- Торикалық интраокулярлық линзаларды имплантациялаумен катарактаны факоаспирациялау.
- Микроимпульстік циклофотокоагуляция.
4.1.2 міндет: Клиникалық зерттеулердің халықаралық деңгейдегі рейтингін арттыру
| Көрсеткіш | Өлшем бірлігі | Ақпарат көзі | Жауаптылар | Факт | 2024 | 2025 | 2026 |
|---|---|---|---|---|---|---|---|
| Web of Science немесе Scopus-та индекстелетін журналдардағы мақалалар саны | саны | мақала көшірмелері | Ғылым жөніндегі орынбасар және инновациялық ғылыми технологиялар бөлімінің меңгерушісі | 2 | 2 | 3 | 4 |
| Халықаралық конференциялардағы баяндамалар саны | саны | бағдарламалар | Ғылым жөніндегі орынбасар және инновациялық ғылыми технологиялар бөлімінің меңгерушісі | 6 | 6 | 7 | 8 |
2016-2020 жылдардағы ғылыми қызмет индикаторлары
| Индикаторлар | 2016 | 2017 | 2018 | 2019 | 2020 |
|---|---|---|---|---|---|
| Орындалатын ғылыми зерттеулер көлемі | 2 грант, 1 БМҚ, 1 бастамашылық |
2 грант, 3 БМҚ |
2 БМҚ | 2 БМҚ | 1 |
| Жарияланымдардың жалпы саны, оның ішінде: | 37 | 60 | 43 | 38 | 20 |
| Халықаралық басылымдардағы жарияланымдардың жалпы саны | 37 | 26 | 16 | 17 | 9 |
| Халықаралық рецензияланатын ғылыми басылымдардағы жарияланымдар саны (Web of Science, Scopus, Springer) | 8 | 6 | 2 | 4 | 2 |
| РИНЦ жарияланымдарының жалпы саны | 24 | 46 | 14 | 13 | 7 |
| Халықаралық конференциялар мен форумдардағы баяндамалар мен постерлер | 81 | 27 | 29 | 30 | 2 |
| Республикалық конференциялар мен форумдардағы баяндамалар мен постерлер | 19 | 13 | 18 | 13 | |
| Алынған патенттер және өзге де қорғау құжаттарының саны | 4 | 3 | 2 | 1 (сараптама) | |
| Әдістемелік құралдардың жалпы саны | 16 | 3 | 3 | 3 | – |
| ScienceDirect, Elsevier, Springer халықаралық дерекқорларына қолжетімділік | + | + | + | + | + |
| Халықаралық ынтымақтастық | Cardiff University | Lions Eye Institute for Transplant and Research | Cardiff University; Lions Eye Institute for Transplant and Research |
Ресей глаукома қоғамы; Lions Eye Institute for Transplant and Research, Тампа, Флорида, АҚШ; Түркітілдес елдер офтальмологтары қоғамы |
Ресей глаукома қоғамы; Lions Eye Institute for Transplant and Research, Тампа, Флорида, АҚШ; Түркітілдес елдер офтальмологтары қоғамы |
| Клиникалық хаттамаларды өзектендіру | 9 | 7 | 4 | 6 | – |
| Медициналық технологияларды бағалау | 6 | 7 | 3 | 1 | 1 |
4.2 мақсат. Институттағы білім беру процесін дамыту
Институт республикада практикалық денсаулық сақтау үшін офтальмолог мамандарды резидентураның білім беру бағдарламасы шеңберінде де, біліктілікті арттыру курстарында да даярлайтын жалғыз ғылыми-зерттеу орталығы болып табылады. Институт қызметінің негізінде халыққа сапалы әрі заманауи медициналық көмек көрсету және кәсіби кадрлар даярлау үшін ғылыми және клиникалық қызметті интеграциялау жатыр. Институтта 34 оқытушы жұмыс істейді, оның ішінде 8 ғылым докторы, 4 профессор, 17 ғылым кандидаты, 1 PhD докторы бар, бұл оқытушылардың штаттық санының 76,5%-ын құрайды. Оқу пәндерін оқыту ғылым мен практиканың заманауи жетістіктері, сондай-ақ құзыреттілік тәсілге сәйкес білім беру траекторияларын құруды және белсенді оқыту әдістерін енгізуді көздейтін заманауи білім беру технологиялары негізінде жүргізіледі.
Резиденттер кураторлар мен тәлімгердің жетекшілігімен ғылыми-зерттеу жұмысына қатысады, мақалалар мен тезистер жариялайды, ғылыми-практикалық және клиникалық конференцияларда баяндама жасайды. Пациенттерді тиімді жүргізу үшін дәлелді медицина деректерін күнделікті пайдалану қажеттілігі резиденттерде үздіксіз кәсіби даму құзыретін қалыптастырады. Оқыту Институттың әртүрлі клиникалық бөлімшелері базасында жүргізіледі. Резиденттердің бөлімшелер бойынша ротациясы әртүрлі офтальмопатологиясы бар пациенттерді жүргізу арқылы мамандандырылған медициналық көмек көрсетудің әртүрлі кезеңінде диагностика және пациенттерді жүргізу алгоритмін қалыптастыруға мүмкіндік береді.
4.2.1 міндет: Институттағы білім беру қызметтерінің рейтингін арттыру
| Нәтиже | Өлшем бірлігі | Ақпарат көзі | Жауаптылар | Факт | 2024 | 2025 | 2026 |
|---|---|---|---|---|---|---|---|
| Институционалдық және мамандандырылған аккредиттеуден өткені туралы куәліктің болуы | болуы | Дипломнан кейінгі білім беру бөлімі | Бөлім меңгерушісі | + | + | + | + |
| Институтта оқудан өткен офтальмологтардың ҚР-дағы офтальмологтардың жалпы санына қатынасы | % | Дипломнан кейінгі білім беру бөлімі | Бөлім меңгерушісі | 8,1 | 8,2 | 8,3 | 8,4 |
| Білім беру қызметтері бойынша жалпы табыста ақылы білім беру қызметтерінен түсетін табыс үлесі | % | Экономикалық бөлім | Бөлім меңгерушісі | 22,0 | 25,0 | 28,0 | 30,0 |
4.2.2 міндет. Білім беру қызметтерінің сапасын арттыру
| Көрсеткіш | Өлшем бірлігі | Ақпарат көзі | Жауаптылар | Факт | 2024 | 2025 | 2026 |
|---|---|---|---|---|---|---|---|
| Тәуелсіз емтиханды бірінші реттен сәтті тапсырған резидентура түлектерінің үлесі | кемінде % | Дипломнан кейінгі білім беру бөлімі | Бөлім меңгерушісі | 85,71 | 81,8 | 90 | 100 |
| Ішкі гранттар жүйесін кеңейту | саны | Дипломнан кейінгі білім беру бөлімі | Бөлім меңгерушісі | – | 1 | 1 | 1 |
| Жұмысқа орналасқан резидентура түлектерінің үлесі | % | Дипломнан кейінгі білім беру бөлімі | Бөлім меңгерушісі | 100 | 100 | 100 | 100 |
| Әзірленген немесе жетілдірілген өзіндік білім беру бағдарламаларының саны | бірлік | Дипломнан кейінгі білім беру бөлімі | Бөлім меңгерушісі | 1 | 1 | 1 | 1 |
Қазақстан Республикасының денсаулық сақтау саласындағы 2026 жылға дейінгі Стратегиялық даму жоспарының стратегиялық бағыттары мен мақсаттары және Институттың стратегиялық бағыттары мен мақсаттары
| Қазақстан Республикасының денсаулық сақтау саласындағы 2026 жылға дейінгі Стратегиялық даму жоспарының стратегиялық бағыттары мен мақсаттары | Институттың стратегиялық бағыттары мен мақсаттары |
|---|---|
| Негізгі бағыт: Болашаққа инвестициялар | Мақсат: Медициналық ғылымның озық жетістіктері мен тиімді медициналық білім беруді пайдалана отырып, профилактикаға, ерте диагностикаға, офтальмологиялық көмектің қолжетімділігі мен сапасын арттыруға бағытталған іс-шараларды әзірлеу және іске асыру арқылы Қазақстан Республикасы халқының денсаулығын жақсарту. |
| 1. Медициналық көмек көрсетуді жақсарту және салауатты өмір салтын ұстануға уәж қалыптастыру, күтілетін өмір сүру ұзақтығын арттыру. | 1. Азаматтардың денсаулығын нығайту. |
| 2. Денсаулық сақтаудағы қаржыландыру және басқару жүйесін жақсарту. | 2. Денсаулық сақтау жүйесінің тиімділігін арттыру. |
| 3. Медициналық қызмет көрсетуді жетілдіру. | 3. Кадрлық ресурстар мен медициналық ғылым жүйесін дамыту. |
| 4. Дәрілік заттардың қолжетімділігі мен сапасын арттыру. | 4. Денсаулық сақтау жүйесінің тиімділігін арттыру. |
| 5. Салауатты өмір салтын ұстану. | 5. Медициналық қызмет көрсетуде инновациялық технологияларды енгізу. |
Функционалдық мүмкіндіктерді дамыту
| № | Функционалдық мүмкіндіктерді дамыту бойынша іске асырылатын іс-шаралар | Іске асыру кезеңі |
|---|---|---|
| 1. | Денсаулық сақтау саласындағы қызметті реттейтін нормативтік-құқықтық базаны жетілдіру | 2024-2026 жылдар |
| 2. | Институттағы мемлекеттік қызметтердің стандарттары мен регламенттерін әзірлеу, медициналық қызметтерді электрондық форматқа көшіру | 2024-2026 жылдар |
| 3. | Қызметкерлерді стратегиялық жоспарлау және талдау қағидаттарына оқыту | 2024-2026 жылдар |
Күтілетін нәтижелер
- пациенттердің медициналық ұйымға деген сенім деңгейін арттыру;
- пациенттер мен медициналық ұйым қызметкерлері үшін қауіпсіз және тиімді орта қалыптастыру;
- қызмет көрсету және медициналық көмек сапасын арттыру есебінен пациенттердің қанағаттануын көтеру;
- барлық мүдделі тараптардың (пациенттің, оның отбасының, медициналық мекеме персоналының, қоғамдық ұйымдардың) күтулері мен қажеттіліктерін ескеру;
- пациенттердің қауіпсіздігін қамтамасыз ету жүйесін құру;
- медициналық қызметтердің сапасын тұрақты түрде арттыру.