Дәрігер Өтегенова Гүлсәнім Мейрамбекқызына алғыс айтамыз отбасымыздың атынан. 13 жасар қызымның көзі -5-тен асып кеткенде келдік приемға. Очки тағып жүрсе де, минусы өсіп кетіпті. Гүлсәнім Мейрамбекқызы ең алғаш келгенімізде асықпай, өте мұқият тексеріп, ем ретінде түнгі линзаларды тағуды ұсынды. Заказбен айтқан уақытында келді линзалар. 27 наурыздан бері тағып жүрміз, бүгін приемда болдық, күндіз очкидің қажеті жоқ, бала өзі көріп тұр, ем жүре бастаған. Соған өте қуаныштымыз. Линзаны тағу, күтім жасау туралы барған сайын бәрін жақсылап түсіндіріп береді, сұрақтарымызға толық жауап аламыз. Осы Глазной Институтқа, дәл осы маманға баруға кеңес берген емханамыздағы дәрігерге де ризамыз. Ол кісі Самбет Санжар Қайсарұлы деген дәрігер. Осындай жанашыр, білікті мамандар көп болса екен деп тілейміз!
Наши врачи
Специалисты института, которые помогают пациентам с диагностикой, лечением и восстановлением зрения.