Гүлбаршын Б

Главная

Көз аурулары Қазақ Ғылыми Зерттеу Институтының ақылы поликлиника бөліміндегі Гүлнар Имашқызын өз ісінің білгірі, өз мамандығын терең білетін дәрігер ретінде білемін десем артық айтпаған болар едім. Себебі науқасқа аурудың себептерін, белгілерін ерінбей түсіндіруді кез келген дәрігер айта бермейді( мүмкін уақыттары да тығыз болар). Бірінші рет көздің муляжымен түсіндіргенде ап анық, оп-оңай түсінгендей болдым. Берілген емнің арқасында тез айығып кеттім десем де болады. Көзге укол салады дегенді де білмеппін. Қыздарымның да көздерін тексертіп алдым. Өкінішке орай, телефон компьютерді көп пайдаланғаннан ба, көздерінің көруі нашарлап кетті. Көзілдірік алғымыз келген. Бірақ, бірнеше күн тамшылар тамызғаннан кейін бір қызымның көруі жақсарды. Дәрігер көзге жаттығулар қалай жасау керектігін де түсіндірді. Әйтеуір, көз дәрігерін іздегендерге өзім Гүлнар Имашқызын айтамын. Көп рахмет! Қазакстанда білікті дәрігерлер көбейе берсін!
Доступно 0 публикаций
Показывать на странице
Написать в WhatsApp