ҚҰРМЕТ БЕЛГІСІ ОРДЕНДІ КӨЗ АУРУЛАРЫ ҚАЗАҚ ҒЫЛЫМИ ЗЕРТТЕУ ИНСТИТУТЫ.

2018 жылы 12-13 қазанда «Құрмет белгісі» орденді Қазақ көз аурулары ғылыми-зерттеу институтының 85 жылдығына арналған халықаралық мерейтойлық конференцияның өтуіне байланысты 12.10.2018 ж. қабылдау шектелетін болады. Уақытша туындаған қолайсыздық үшін кешірім сұраймыз.

Көз іші қатерлі ісігіне шалдыққан балаларға Қазқстанда алғаш рет бірегей ота жасалды

Алматыдағы Педиатрия және балалар хирургиясы ғылыми орталығында Ресей мамандарының қатысуымен «Ретинобластомаға шалдыққан науқастарды жедел емдеу» атты көз іші қатерлі ісігі – ретинобластоманы емдеуге арналған шеберлік-сыныбы өтуде.

Қазақстанда 5 сәуірден бастап «Емханаға тіркел де – МӘМС жүйесіндегі өз мәртебеңді анықта!» аттыемханаларға тіркелу науқаны басталады. Ол туралы бүгін пресс-конференция аясында ҚР денсаулық сақтау вице-министрі Лязат Ақтаева мәлімдеді.

«ҚазКАҒЗИ» АҚ және «Мемлекеттік ғылыми-техникалық сараптама ұлттық орталығы» арасында жасалынған шартқа сәйкес 2017 жылдан «Қазақстан офтальмология журналы»-нда жарияланатын мақалалар көпсалалы жүйе-Қазақстандық дәйектеме базасына (ҚазДБ) енетін болады, онда отандық және шетелдік журналдарда шығарылған қазақстандық ғалымдар мен мамандардың жариялымдары бойынша библиографиялық ақпараттар, сондай-ақ, олардың қазақстандық авторлардың мақалаларына жасаған сілтемелері жинақталып және өңделеді.

Біз, қазақстандықтар, 25 жыл бұрын, әрі қарай даму жолында өзіміздің тарихи таңдауымызды жасап, мемлекетіміздің тәуелсіздігін жарияланғанбыз. Егеменді Қазақстанның даму дәуірі басталды... Жас мемлекет өз жолын күрделі, бірақ та маңызды қадамнан бастады – ядролық қарудан бас тартты және этносаралық пен конфессияаралық толеранттылықтың бірегей моделін қалыптастырды.